Жаналықтар
Митрофанова мен Демченко – жеңіл атлетикадан Қазақстан Ресупбликасының екі дүркін чемпионы
Қарсыластарын үлкен айырашылықпен артта қалдырған Қарағанды құрамасы бірінші орын алды. Екінші орын алсақта, ШҚО құрамасының қанжығасында көп медаль жоқ. Ұлдар арасында тек Дмитрий Лукичёв ядро лақтырудан екінші орын алды. Қалған тоғыз медаль қыздардың еңбегі. Дарья Демченко ядро лақтырудан екінші орын, кедергілермен 60 м жүгіруден бірінші, 4х200 м эстафеталық жүгіруден жеңімпаздар қатарынан көрінді. Риддерлік спортшы Регина Митрофанова 600 м, 1000 м жүгіруден жеңімпаз алып, біздің алтын алған эстафеталық құрамға кірді. Эстафетада Демченко, Митрофановамен қоса Анастасия Зубенко, Александра Егорина болды. Зубенко 300 м қашықтықта үшінші орын, ал Егорина осы қашықтықта екінші орын алды.Қалған екі орынды Елизавета Матвеева алды. Биіктікке секіруден 160 см-ге секіріп күміс медаль тақсы, бессайыстан үлкен айырмашылықпен бірінші орынды иеленді.
Алексей Губанов
Бағдарлама: vksport.kz