1966 жылғы Комсомол кәсіподақ кросы туралы
Біздің облыста спорт бағытында да жарқын, бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Солардың бірі - Комсомол Кәсіподақтарының кросы, ол жайлы ШҚО Ұлттық Құрамасының мүшесі, жаттықтырушы, жеңіл атлетикадан балалар спорттық мектебінің директоры Морозов Александр Сергеевич өз естеліктерімен бөлісті. Александр Сергеевичтің айтуынша, бұл бұқаралық іс-шара 1966 жылдың қыркүйек айында болған. Комсомол кәсіподақ кросында: Назаров Анатолий Федорович - жарыстың бас төрешісі, «Еңбек»ЕСҚ (ерікті спорт қоғамы) облыстық кеңесінің төрағасы; Иванов Геннадий Дорофеевич - ҚазКСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы; Назаров Михаил Федорович - жарыстың бастаушысы, дене шынықтыру және спорттан облыстық кәсіподақтар Кеңесінің нұсқаушысы; Фадеева Людмила Ивановна - жеңіл атлетикадан Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері, 100, 200 және 400 метрге жүгіру бойынша Қазақстанның рекордшысы; Фадеева Людмила Ивановна - жеңіл атлетикадан Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері, 100, 200 және 400 метрге жүгіруде Қазақстанның рекордшысы; Соловьева Александра Васильевна - облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Шкатулов Геннадий - биатлоннан Спорт шебері; Коновалов Василий - қазіргі бессайыс бойынша Спорт шебері; Иванов Геннадий Дорфеевич - Қаз КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы; Долгих Александр Александрович - ЕСҚ кәсіподақтарының төрағасы; Абустин Геннадий Васильевич - жеңіл атлетикадан жаттықтырушы; Савельев Станислав Петрович - жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы; Шкатулов Геннадий - биатлоннан КСРО спорт шебері. Александр Сергеевичтің шәкірттері Манапов Валера, Сизиков Николай, Филипенко Виктор, Полулях Елена, Антропова Галя да қатысты Комсомол кәсіподақтар кроссына 400-ге жуық адам қатысты, шара сағат 10.00-де басталды. сағат 14.00-ге дейін созылды, жарыстың ашылу және жабылу парады өте жақсы өтті. Барлық спорт түрлерінен спортшылар қатысты.
Комсомол кәсіподақ кросынан кейін, облыстың Ұлттық Құрамасы Республикалық жарысқа қатысып, 2- орынға ие болды (бірінші орынды - Қарағанды қаласының тобы, ал үшінші орынды Алматы қаласының тобы иеленді). Қарағанды қаласының тобы Бүкілодақтық жарыстарға белгілі-бір себептерге сәйкес қатыса алмайтындықтан, бұл шараға Қазақ Республикалық Кәсіподақ Комитетінің шешімімен Өскемен қаласының тобы жіберілетін болды. Бұл жарыста 16 топ ішінен Өскемен қаласының тобы 8-орынға ие болды. Бірақ топ үшін бұл үлкен жетістік болды, себебі, Өскемен қаласының тобы Красноярск, Ярославль және т.б. қалалардан келген мықты топтардың алдында болды. Қаз КСР-нің тобы Бүкілодақтық жарыста жақсы өнер көрсетті, жарыс жүлдегерлері де болды.